Альбина Жамбулатова Amherst College-ге шақырылған кандидаттардың қатарында

Oinet.kz 07-04-2022 660

Screenshot_13.jpg

Amherst College биылғы жылы шетелдік үміткерлердің тек 7 пайызын қабылдады. Қатаң іріктеуден Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Альбина Жамбулатова өтті. Альбинаның жоғары академиялық жетістіктерін XXVII International Multidisciplinary Conférence мақалалар жинағында жарияланған зерттеу жұмысы растады. Өткен жылдың тамыз айында Гарвард университеті ұйымдастырып, қазақстандық екі оқушы ғана жолдама алған Нобель сыйлығының иегері, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы болған Генри Альфред Киссинджермен өткен онлайн кездесуге қатысқан.

Альбина қолданбалы математика факультетінде оқып, математикалық әлеуметтануға мамандануды жоспарлап отыр. Өзінің ғылыми мақаласында ол жаратылыстану саласындағы есептерді шешу үшін дифференциалдық теңдеулерді қалай қолдану керектігін зерттеді. Жетекшісі Инесия Михайловнамен бірге математиканы өмірде қолданудың жолдарын іздеуде.

Amherst College АҚШ рейтингінде гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік үштіктің қатарына кіреді.

Жұлдыз Әбдікәрімова отбасына қатысты сұраққа нүкте қойды
«Не айтқанын өзі түсінбейді»: Белгілі фельетоншы Қабатовты сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу