Шымкенттік оқушылар автотитандар жарысында үшінші орын алды

Oinet.kz 25-03-2022 802

Screenshot_4.jpg

«Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыратын Наурыз кездесулерінің практикалық кезеңі биыл Түркістан қаласында өтті. «Жасанды интеллект және мехатроника» тақырыбында өткен кездесуде Шымкент қ. ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Аян мен Айсұлтан  қашықтан басқарылатын автотитандар додасында үшінші орын иеленді.

Автортитандар жарысының негізгі мақсаты: оқушылардың STEM оқыту жүйесі негізінде алған білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыру. Бұл сайысқа  еліміздің жеті аймағынан 30 көлік моделі шықты. 

Аян мен Айсұлтан жасаған Terminator роботының негізгі функциясы алдынан келген қарсылас роботты астынан көтеріп құлату. Оқушылар аталмыш құрылғыны бір аптадан астам уақыт құрастырған.

Ақша шақыратын ырымдар
Түркістан облысында 17 жасар аяғы ауыр қыз іс-түссіз жоғалып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу