Индира Расылхан балаларына жете алмай отыр

Oinet.kz 11-01-2022 1463

Индира Расылхан елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде өзге елде қалып қойған отбасына жете алмай отыр. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды.

Screenshot_35.jpg

“Басы қатты болса, аяғы тәтті болады” деп атам Қазақ үнемі жақсылыққа сенген ғой.

Мына арпалыстан әлі бала-шағама жете алмай жатқан жайым бар. 20 күндей бөтен елде қалған қыздарым мен ұлым және Анамды сағындым. Кім ойлаған..

Қолымыздан келер шара жоқта, Жаратушымызға тапсыратын жүректегі сенім ғана көңілді жайландыратыны анық. Қазағымды Алла амандықта етсін! Ұрпағымыздың бейбіт өмірде өмір сүруін тіледім", - деп жазба қалдырды ол. 

Айта кетейік, Индира Расылхан өткен жылдың соңында өнерді біржола тастағанын айтқан еді. Психологияға бет бұрған Индира отбасымен бірге Ыстамбұлда жүрген еді. Тәртіпсіздік басталмас бұрын әнші елге келген.

«Дикий Арман» өзін «ҰҚК-ның адамы» деген жігіттің басынанан тепті (видео)
21 жастағы жігіт жас балаға көмектесемін деп оққа ұшты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу