«Аудандық әйелдер кеңесі» ұйымдастырушыларды Жаңа жылмен құттықтады
"Аудандық әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігі Қажымұқан, Шұбар ауыл округі әйелдер кеңестерімен бірлесе отырып, аудан орталығын көгалдандыру, көріктендіру жұмыстарына белсенді қатысқан әйелдермен кездесуі, Жастар сарайында өтті. Кезесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Ысқақ қатысты, кездесуге қатысушыларды, ұйымдастырушыларды Жаңа жылмен құттықтады.
Қоғамдық ұйым жетекшілері Перизат ЖҮНІС, Гулия Тайтелиева аудан орталығын көріктендіруге жасаған еңбектеріне ризашылықтарын білдірді, Жаңа жылға табыстар тіледі, мерекелік сыйлықтарын ұсынды.
Кездесуге шақырылған аналар, қыз- келіншектер өз ризашылытарын білдірді.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, аяулы аналар!!