Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Oinet.kz 27-12-2021 623

Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында жиын өтті. 

image.png

Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова және қалалық славян этномәдени бірлестігінің мүшелері қатысты.

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департаментпен қолға алынған жобалар мен олардың жүзеге асырылу барысы, азаматтарды жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу институты жайында ақпарат берілді. 

Сонымен қатар, адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыруға бірлесе жұмыс жасағанда ғана жетуге болатындығы әңгімеленіп, ұжымда парасаттылық құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығы талқыланды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты мәліметтерді Агенттіктің 1424 Call орталығына хабарлап айтуға болатыны хабарланып, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауаптар берілді.

Шымкентте 33 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған
Азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу