Алматыда 52 жастағы әйел егіз босанды
Алматылық 52 жастағы жүкті әйел автобустан түсем деп құлап кеткен. Әйел ауыр жарақат алмағанымен, денсаулығы нашарлай бастаған. Ол Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына жүгінді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Алматы арнасына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, науқас егіз балаға жүктілігінің 31 аптасында бас ауруы, іштің ауыруы, қан қысымының жоғарылауы шағымдарымен түскен.
Ультрадыбыстық зерттеуден кейін дәрігерлер екінші ұрықтың жүрегінде кейбір ауытқуларды анықтады. Ал әйелде преэклампсия болған. Бұл аурумен ананың денсаулығының жағдайы тез нашарлап, ұрыққа қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан әйелге шұғыл ота жасалды.
Салмағы 1644 грамм және 990 грамм болатын екі шала туған ұл бала дүниеге келді. Батыр ана бірнеше күн жансақтау бөліміне жатқызылды, сәбилер жансақтау бөліміне ауыстырылды. 10 күннен кейін анасы мен балалары бөлімшеге ауыстырылды. Бүгінде олардың жағдайы жақсы. Жаңа туған нәрестелер салмақ қосып жатыр, олардың өміріне қауіп төнбейді.
"Балалар үшін қатты уайымдадым, өйткені олардың біреуі өте әлсіз болды. Осы орталықтың реаниматологтері, неонатологтері және басқа да мамандарының назары мен кәсібилігінің арқасында сәбилерім тез жазылып кетті. 10 күннен кейін жансақтау бөлімінен бөлімгшеге ауыстырды. Қазір балалар салмақ қосып үлгерді, біреуінің салмағы 2 келіден асты, ең кішісі 1600 грамм. Біздің өміріміз үшін күрескен барлық медицина қызметкерлеріне ерекше алғыс айтамын!” – дейді ана көзіне жас алып.
Айта кетейік, әйел экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) көмегімен жүкті болған.