Тәуелсіздік мерекесіне орай қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды

Oinet.kz 10-12-2021 501

Screenshot_20.jpg

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Қаратау ауданының әкімі Абзал Шымкентбайұлы мен «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов әкімдік қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.

«Егемен еліміз 16 желтоқсан күні салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – «Тәуелсіздік күнін» атап өтеді. Алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілген Атамекеніміздің осындай биіктіктерді бағындыруына оның барша азаматтары сүбелі үлес қосты деп білемін, - деді аудан әкімі өз сөзінде.

Елбасымыз жүргізген салиқалы саясаттың арқасында Қазақстанымыз төрткүл дүниеге танымал мемлекетке айналды. Ел тізгінін қолға алған Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы да бәрінен құнды болған қасиетті Тәуелсіздігімізді қорғауда, оны мәңгілік ету жолында елге ерекше еңбек етіп келеді. Оның Сіз бен біз сөзсіз куәсіміз.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы


Республикалық IQ Doda жүлдесі Шымкенттің еншісінде
240 жаңа автобус қалалық бағыттарға шығарылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу