Шымкент жүрек орталығында кезекті шеберлік сағаты өткізілуде

Oinet.kz 02-12-2021 594

«Шымкент жүрек орталығы» мекемесінде жүректің сол жақ қарыншасының қызметін жақсарту үшін механикалық қолдау құрылғысын имплантациялау бойынша кезекті шеберлік сағаты өтуде.  

image.png

Аталған шеберлік сағатын «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» КЕАҚ және «Шымкент жүрек орталығының» кардиохирургтары мен кардиологтары бірлесе ұйымдастырып отыр.

«Шымкент жүрек орталығы» бүгінде жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің инновациялық әдістерін енгізу, мамандар даярлау және оқыту орталығына айналды. Қазіргі таңда Шымкент қаласында да созылмалы жүрек жетіспеушілігін емдеудің хирургиялық әдістерін енгізу қолға алынып отыр. Бұған дейін аталған ота түрі тек Нұр-Сұлтан қаласында жасалатын. 

image.png

2018 жылдан бастап елімізде созылмалы жүрек жетіспеушілігін емдеу бойынша Жол картасы бағдарламасы іске қосылды. Оның шеңберінде өңірлерде созылмалы жүрек  ауруларын емдеу кабинеттерін ашу көзделген.

image.png

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте тағы бір компьютерлік томография кабинеті ашылды
Литваның консулына Шымкенттің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу