Зорлық-зомбылықсыз ортаны насихаттауға бағытталған республикалық акция басталды

Oinet.kz 30-11-2021 489

Шымкент қаласының Абай ауданында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы басталды. Жоспарға сәйкес, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері «ҚР Қызыл жарты ай қоғамы» қорының облыстық филиалы «Көмек» оңалту орталығында, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен отбасыларға арналған қайырымдылық іс-шарасын өткізілді.

image.png

Акцияның мақсаты – зорлық-зомбылықты ескерту және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған шаралар туралы таныстыру.

Зардап шеккен азаматшалармен жеке сұхбат жүргізіліп, жергілікті полиция инспекторлары заңгерлік-құқық жөнінде түсіндірсе, психолог мамандар тарапанына қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қалалық өкілдігінің  тарапынан әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарға азық-түлік себеттері табыс етілді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

«Желтоқсан жаңғырығы жадымызда» атты әдеби реквием өтті
Абаттандыру нысаны және балалар ойын алаңшасы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу