Аудан басшысы құрылыс нысандарын аралады

Oinet.kz 23-11-2021 581

Аудан басшысы аудан орталығында жүзеге асып жатқан Майлыкент мектебінің құрылысы мен Алатау көшесінің жол құрылысының іске асу барысын бақылады.

image.png

Бірінші кезекте аудан орталығынан бой көтеріп жатқан 300 орындық Майлыкент мектебінің құрылыс алаңында болған аудан басшысы жауапты мердігерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі жоспарға сай мерзімінде аяқтау қажеттігін ескертті.

Облыстық Қоғамдық даму басқармасы тарапынан жүзеге асып жатқан мектеп құрылысы бүгінгі таңда 20 пайызға аяқталып отыр. Яғни, жерін тегістеп іргетасын қалау жұмыстары таяп қалған. Бұл жерде үш корпус бой көтеруде. Оқу корпусы, от жағу бөлмесі және шеберхана.

Келесі кезекте аудан басшысы Алатау көшесіне табан тіреп, жүзеге асып жатқан жол құрылысының сапасын бақылады. Жауапты мердігермен бірге көшені аралап шыққан Нұрлан Мархабатұлы біршама кемшіліктер анықтап, тез арада ретке келтіруді тапсырды.

Жалпы 6,1 шақырымды құрайтын аталмыш көшеге асфальт жабындысы екі қабат болып төселуде. Бүгінгі таңда бірінші қабаты толығымен төселіп, екінші қабатының 1,2 шақырымы аяқталып отыр. Сондай-ақ, көше бойына түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары да жүргізілуде. Жалпы 155 бағана орнатылған. Көшенің ағымдағы жөндеу жұмыстары қараша айының аяғына дейін толығымен аяқталмақ.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Үш баласымен тоғызыншы қабаттан секірген әйелдің туыстары сұхбат берді
Мегаполисте «Шымкент өнімдері» көрмесі өз мәресіне жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу