Тұран шағынауданында құрылысы жүріп жатқан 13 көшенің сапасы бақылауда

Oinet.kz 05-11-2021 659

Screenshot_9.jpg

Шымкент қаласы аумағының солтүстік бөлігінде орналасқан Тұран шағынауданында қазіргі таңда барлығы 13 көшенің  құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. Биыл 4 көшенің жол құрылысы аяқталып, пайдалануға беру жоспарға қойылған.

Бүгінде мердігер мекеме  «Отау-строй» ЖШС тарапынан құрылысы жүріп жатқан № 2 жол жұмыстарының 98 пайызы аяқталса, “Строй Жол Сервис” ЖШС № 6 жолдың 96 пайызға жуық жұмысын аяқтаған. Қалған 9  көше құрылысы (№1,3,4,5,7,9,11,12,13) 2022 жылға өтпелі болып табылады.

Дәрігерлер ауыр халдегі 900 граммдық сәбиді аман алып қалды
«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының бағыттары мен міндеттері түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу