Ақжайықта балаларға арналған ойын алаңшасы ашылды

Oinet.kz 04-11-2021 281

Screenshot_7.jpg

Шымкент қаласының Қаратау ауданы «Ақжайық» шағынауданында 14 көпқабатты үйдің 2 ауласында балалар ойын алаңшасы мен жаттығу тренажерларын орнату жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме «НұрекАзияБизнес» ЖШС және «АгроСпецМонтаж» ЖШС нысандарды қараша айында тапсыруды жоспарлап отыр. 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шағынаудандағы №63/27, 69/36, 37, 38, 40, 43, 44 үйлердің аулаларында орналасқан балалар ойын алаңшасының құрылысымен танысып, жұмыс сапасын бақылады. Қала әкімі тұрғындарға енді абаттанған аумақты күтіп-ұстау қажеттігін айтты.

Биыл Ақжайық, Тұран, Асар шағынаудандарында 21 ауланы (39 үй) абаттандыруға 405,1 млн теңге қаржы қаралды. Құрылыс жұмыстары қарашада аяқталып, жаңа нысандар тұрғындар игілігіне беріледі. 

Шаһарда аулалар жаңартылып, қолайлы орта қалыптасып келеді. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы табысты іске асуда. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Шымкент: Жыл басынан бері 552 мыңнан астам адам екпе салдырды
Шымкент: Қоғамдық бағыттағы автобустар кондукторсыз қызмет көрсетуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу