Елдімекендерде инфрақұрылыммен қамту жұмыстары аяқталды

Oinet.kz 01-11-2021 447

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетов қала тұрғындарын инфрақұрылыммен қамту бойынша құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарды аралады. Бұл туралы қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлады. 

image.png

Қазіргі уақытта қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде Ынтымақ-2 елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту құрылысы толығымен аяқталып, тұрғын үйлерді суға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда барлығы 2500-ге жуық тұрғын болса, қазір 1000-нан астам абонент сапалы ауыз су тұтынуда. 

Алдағы 2 апта көлемінде суға қосу жұмысы 100% орындалып, тұрғындар толығымен сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. 

Құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралау барысында қала әкімінің орынбасары Батыс және Жаңаталап елдімекендеріне де барды. Аталған елдімекендерде құрылыс жұмысы 100%  аяқталған. Қазіргі уақытта ішкі орамдық су құбырларын жуып-шаю, дезинфекциялау  және абоненттеу жұмыстары жүріп жатыр.  

Айта кетейік, жыл соңына дейін ауыз суды тасымалдайтын Солтүстік саяжай, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас тұрғын алабтары мен кестемен беріліп келген Жаңаталап, Сауле ш/а, Нұртастың жаңақұрылыс аумағында құрылыс жұмысы аяқталады. Нәтижесінде 25,6 мың адам ауыз сумен қамтылып, көрсеткіш 95,6%-дан - 98%-ға жетеді.

Шымкентте Рысқұлов көшесі ашылды
Депутаттар аяқ киім өндірісінің жұмысымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу