Газға қатысты сақтық шаралары түсіндірілді

Oinet.kz 28-10-2021 572

5b7e90ac370f2c5d768b4568.jpg

Тұрғындардың газды пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтауы маңызды. Осыған байланысты  Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының    Газ техникалық инспекция бөлімі тарапынан Қала әкімінің және қала әкімі орынбасарының хаттамалық тапсырмаларына  сәйкес, аудан әкімдіктермін бірлесіп, тұрғындарға үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Жыл басынан  түсіндіру жұмыстары жүргізу барысында 24 мың  дана хабарлама таратылды. Сонымен қатар, тұрғындардың газ пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша 7 видеоролик, 7 брифинг,   газ құбырларының қорғау аумақтарына тиісті органдармен    жиналыстар өткізілді.   

Өткен 2020-2021 жылдың жылыту маусымында қала бойынша газбен байланысты көптеген оқыс-оқиғалар тіркелген болатын. Оның ішінде улы газбен уланып 8 адам   қайтыс болған. Аталған оқиғалардың басты себебі, тұрғындардың техникалық талаптарды сақтамауынан болып отыр. 

Газтехникалық инспекция бөлімі тарапынан жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан қала бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы 34 862 азаматтардың тізімі алынған.   1 102 мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтардың үйлеріне газдабылқаққыштар (газосигализатор) орнатылған. Осы жұмыстар жеке демеушілер есебінен жасалынды.

Сонымен қатар, 2020-2021 жылдары пайдалануға берілген 2192 пәтерге САКЗ-МК-2-1 маркалы газдабылқаққыштар орнатылса,    осы жылдар құрылысы жоспарланған 2424 пәтерге аталған газдабылқаққыштар орнатылатын болады. 

Сонымен қатар, қала аумағында 4 газ жинақтау станциялары орналасқан. Авто газ құю қызметімен айналысатын 20 заңды тұлғалардың меншігінде 94 газ құю станциялары бар.  Аталмыш станциялардың иелерімен газды пайдалану кезенде қауіпсіз шараларын сақтау бойынша  Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе  тиісті шаралар жүргізілуде.  

Сондай-ақ,  қала аумағында орналасқан жалпы саны 6 812 тұрмыстық шаруашылық және кәсіпкерлік нысандардың иелеріне де қауіпсіз шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Осы атқарылып жатқан жұмыстардың басты мақсаты, тұтынушылар арасында газбен байланысты оқыс-оқиғаларды болдырмау.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы


Туризм Шымкент экономикасына серпін береді
Ақ жаулықты аналар арасында «Ақ кимешек-2021» байқауы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу