Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті түрлі алаңдарда Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылауды жалғастыруда.
Аталған тұжырымдама бүгін қалалық қоғамдық кеңес мүшелеріне таныстырылды.
Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, Департамент, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндалып, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттары таныстырылды.
Стратегиялық құжаттың маңыздылығымен таныстырған Департамент өкілдері, тұжырымдама қоғамның барлық саласына қатысты екендігін жеткізді.
Кеңес отырысында тұжырымдама жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар енгізіліп, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Кеңес отырысы аясында жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша мемлекеттік органдарды тыңдайтын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылды.
Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттік мекемелердің атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.