Шымкентте саябақтар мен гүлзарлар қайта жаңғыртылады

Oinet.kz 14-10-2021 533

Шымкентте саябақтар мен гүлзарларға 2022-2026 жылдарға арналған даму концепциясының жобасы әзірленді. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, концепция жобасы аясында жалпы қалалық саябақтар жүйесін қалыптастыру, демалушыларға қолжетімді аумақта орналасуы, саябақтарда жаңа сценарийлерді құру және тағы басқа да жұмыстар жүргізілетін болады. 

image.png

«Абай» саябағының аумағындағы «Дельфин» аквапаркін жаңғыртып, заманауи күйге келтіру мақсатында эскиз жобасы әзірленіп қала әкіміне ұсынылып, қолдау тапты. Эскиз жобасы бойынша «Дельфин» аквапаркін қайта құру жұмыстары «SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамымен жүргізіледі. Ағымдағы жылдың тамыз айында қала аумағындағы халық санының артуын ескере отырып, жаңадан 23 гүлзар орындарын салу бойынша ұсыныс берілді. Ұсыныс қала әкімімен қолдау тауып, әр жыл сайын 5-10 гүлзардан салып, қаланың көгалдандыру аумағын 30,25 гектарға арттыру жоспарланып отыр. 

Қала аумағындағы саябақтарды кезең-кезеңмен жөндеу жұмыстарынан өткізу бойынша Жол картасы әзірленді. Қазіргі уақытта аудан әкімдерімен келісіліп, бекіту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаладағы субұрқақтардың жұмыс уақытын айқындайтын кесте бекітілді, қала аумағындағы барлық субұрқақтар бекітілген кестеге сәйкес жұмыс атқаруда. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетовтың тапсырмасына сәйкес, қала аумағындағы 8 саябақ пен 39 гүлзарларға инвентаризация жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, Шымкент қаласының қалалық жайлортаны дамыту басқармасының балансында 8 саябақ және 39 гүлзарлар мен аллеялар, 37 субұрқақ, 44 ұңғыма, 50 ескерткіштер бар. 8 саябақ, 39 гүлзар күтіп-ұстау жұмыстары мердігер мекеме «Build Stroy» ЖШС, 2021 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс жасауда. 50 ескерткіш күтіп-ұстау мердігер мекеме «МраморГранитТас» ЖШС 2021 жылдың сәуір айынан бастап, ал 37 субұрқақ және 44 ұңғыманы күтіп-ұстау мердігер мекеме «Пример Строй» ЖШС 2021 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс атқаруда.

№61 және №72 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгерді
Ақтас-2 сапалы ауыз сумен қамтылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу