Көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Oinet.kz 29-09-2021 603

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласында биыл коммуналдық тұрғын үй қорындағы 10 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олардың қатарында Нұрсат шағын ауданында орналасқан №134А, 134Б, 135А, 135Б, 135В, 212, 216, 14 және Желтоқсан көшесіндегі №19, 19А үйлер бар. Жөндеу жұмыстары барысында бұл үйлердің шатыры ауыстырылып, қасбеті жаңартылмақ.

image.png

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды. Мердігер мекеме анықталған жағдайда жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. 

Айта кету керек, ағымдағы жөндеу – ғимараттар мен инженерлік жабдықтардың бөліктерін мерзімінен бұрын тозудан жүйелі және уақтылы қорғауға бағытталған бұзылудың алдын алу және ұсақ зақымданулар мен ақауларды жою жолымен жасалатын техникалық іс-шаралар кешені.

Әл-Фараби ауданында жыл соңына дейін 22 көше жарықтандырылады
ҚХА төрағасының орынбасары М.Әзілханов өзбек драма театрында зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу