Шымкент қаласында вакцина алғандар саны 93 пайызға жетті

Oinet.kz 27-09-2021 548

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қатысуымен брифинг өтті.

image.png

Баспасөз мәжілісінде Бақытжан Жолдасбекұлы үшінші мегаполистегі коронавирус инфекциясына қарсы атқарылып жатқан шаралар мен эпидемиологиялық жағдай туралы сөз қозғады.

– Қазіргі таңда қалада эпидахуал тұрақталып келеді. Еліміз бойынша Шымкент шаhары коронавирусқа қарсы екпе салу бойынша көш бастап тұр. Соңғы тәулікте I компонентпен 11 587, ал ІІ компонентпен 4 251 адамға вакцинациялау жасалды. Яғни бүгінде тиісті контингенттің (536 000 адам) 1-компоненті 93 пайыз, 2-компоненті 76,1 пайыз вакцинацияланды. Алайда әлі де босаңсуға болмайды, – деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қаладағы инфекциялық төсек орындардың саны 60 пайызға қысқарған.

Айта кетейік, үшінші мегаполистегі егу бекеттері демалыс күндері де жұмыс істеп тұр. Сондықтан қала тұрғындары сенбі және жексенбі күндері емханаларға барып, вакцина салдыра алады.

Биыл ашылған мектептер циклі: «125 high school»
«Shymkent 2200: туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу