Әсел Айтбаеваны зорлады деген күдікті неден қайтыс болды?

Oinet.kz 16-07-2021 1101

Грузияның арнайы пенитенциарлық қызметі Әсел Айтбаеваны зорлады деген күдіктінің неден қайтыс болу мүмкін екеніне қатысты жасаған болжамын айтты, деп хабарлайды Sputnik-Georgia.

Асель Айтпаева.jpg

Айыпталушы Бесик Тордуа пенитенциарлық мекемеге түскен кезде оның артериялық гипертензиясы бары анықталды. 

Грузияның арнайы пенитенциарлық қызметінің мәліметінше, Қазақстан азаматшасын зорлады деп айыпталған Тордуаның өлімінің болжамды себебі - ми инфарктісі. 

Қызметтің хабарына сенсек, айыпталушы 28 мамырда пенитенциарлық мекемеге түскен кезде медициналық тексеру жүргізіліп, артериялық гипертензия диагнозы қойылған. Осыған байланысты ол медицина қызметкерлерінің бақылауында болды.

Грузиядағы қазақстандық қыздың өліміне қатысты іс бойынша тергеуге Қазақстаннан мамандар тартылып жатыр.

30 маусымда Тордуа дәрігерге басы қатты ауырып жатқанын айтқан. Айыпталушының сөйлеу қабілеті бұзылып және қан қысымы жоғарылай бастаған. Тордуа мидың қан ағымы бұзылуына байланысты жедел жәрдеммен клиникаға жеткізілді.

Клиникада жүргізілген мидың компьютерлік томографиясының нәтижелері және невропатологтың кеңесі бойынша: ми инфарктісі диагнозы қойылды.  

- Жағдайы ауыр болуына байланысты айыпталушы реанимация бөліміне жатқызылды, ем қабылдап, қарқынды бақылауда болды. Нейрохирургтің бақылау кеңесі нәтижесінде шұғыл хирургия қажет болды. Операциядан кейін науқастың жалпы жағдайы ауыр болып қалды, гемодинамика көрсеткіштері тұрақсыз, - делінген пенитенциарлық қызметтің хабарламасында.

Ем-домға қарамастан, науқастың жағдайы нашарлап, 14 шілдеде жүрек соғысы бұзылып (брадиаритмия), ол көп ұзамай асистолияға айналып - жүрек жұмысы тоқтады.

- Жүрек-өкпе реанимациясы хаттамаға толық сәйкес басталды, бірақ жүректің механикалық функциясын қалпына келтіру мүмкін болмады. Биологиялық өлім тіркелді, - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте 5 648 адамнан коронавирус анықталда
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөздері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу