Ләйла Сұлтанқызы жасы 40-тан асқандардың жөнсіз әрекетін сынға алды
Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде жөнсіз отыратын ересектердің әрекетін айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
“Біраздан бері байқап жүрген бір жағдаймен бөліскім келеді.
Жас дей алмайсың, 30,40-тан асқандардың (әйел, еркек деп бөлім келмейді) телефонды сағаттап шұқылап отыратыны, түкке тұрғысыз вирус прикол видеоларды шаршамай көретіні таңғалдырады. Қатты таңғалдырады. Бала ғой дейін десең бала емес, кейбірі тіпті тәп-тәуір қызметте істейді.
Бұл тенденция ма, сән бе, ми демалдыру ма, бос уақыттың көптігі ме... білмеймін. Ақырындап жан-жағыңызға қараңызшы, бақылап көріңізші: жарыңыз, ағаңыз, ініңіз, ер жеткен балаңыз болмайтын видеоларды көп көре ме?”, – деп жазды ол.
Желі қолданушыларының көпшілігі желіде тик-ток түсіріп, уақытын өткізетін тележүргізушінің өзіне сын айтты.