Сайрамда мемлекеттік тапсырыс саласында заңбұзушылық анықталды
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан "Сайрам аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен 2021 жылдың сәуір айында мемлекеттік сатып алу https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталында ашық конкурс тәсілімен жарияланған №5492825-1 «Ақсуабад ауылы Тәуелсіздік-1 көшесінің автомобиль жолын жөндеу (техникалық қадағалау қызметі)» мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша "Сайрам аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 150 тармағының талаптары сақталмағаны анықталған.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, "Сайрам аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгнгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
С.Баетов,
Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманы