Президенттің тазы иттері туралы ақпарат жарияланды

Oinet.kz 10-03-2021 1068

8 наурызда Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреті пайда болды. Ақорда баспасөз қызметі сирек тұқымды иттің шынымен президентке тиесілі екенін растады. Олар екі жаста екені анықталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Тоқаев пен тазы.jpg

- Мемлекет басшысы осы үй жануарларын ерекше жақсы көреді. Ол мұны біздің ұлттық қазынамыз, ұлы дала мұрасының маңызды бөлігі деп есептейді. Сондықтан осы ерекше тұқымды сақтау үшін жан-жақты күш-жігер қажет. Президент мемлекет пен жеке тұлғалар тарапынан тазының гендік қорын қолдауға бағытталған барлық талпынысты қолдайды, - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі редакция тілшісіне.

Суреттер Халықаралық әйелдер күнінде жарияланған. Жазба сипаттамасында: "Керемет күн. Таңертеңгі серуен. Көктемнің осы тамаша күнінде Мемлекет басшысы әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады" - деп жазылған.

Тоқаев.jpg

Соңғы тәулікте 693 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанға Парижден алынған асыл тұқымды жылқылар жетті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу