Көлгіновтың елорда тұрғындарымен кездесуі барысында ерекше жағдай орын алды (видео)

Oinet.kz 10-02-2021 1298

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесуді онлайн режимінде өткізді. Тіпті олардың бірімен ағылшын тілінде сөйлесті, деп хабарлайды Oinet.kz Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап. 

Алтай Көлгінов.jpg

Қала тұрғындарының бірі – Диего Амадо деген шетел азаматы әкіммен сұхбатында Нұр-Сұлтанға Мадридтен келгенін және соңғы төрт жыл бойы Қазақстанның астанасында тұрып жатқанын жеткізді. Амадо Мадридте адамдар серуендеп, велосипедпен жүру үшін демалыс және мереке күндері қала орталығы жабылатынын айтып, осы тәжірибені қарастыруды ұсынды. Оның пікірінше, бұл қаланың экологиясын жақсартуға септігін тигізеді.

- Диего, қайырлы таң! Алдымен іс-шараға қатысқаныңыз үшін алғыс айтамын. Қаланы көркейтуге атсалысып жатқаныңызға қуаныштымын. Біз әлемдегі қалалардың тәжірибесіне назар аударамыз. Біздің "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" деген бас жоспарымыз бар. Осы жоспарда үш негізгі идея қамтылған: біріншіден, қала таза, екіншіден, тұрақты және өмір сүруге жайлы болуы керек. Сіз жаяу жүргіншілерге көбірек мүмкіндік жасауды ұсынып отырсыз, солай ғой? Презентацияда көргеніңіздей, осындай жоспарлар бар. Жобаларымызға қатысуға шақырамын. Біздің командамызға қосылатын болсаңыз, тек қана қуанамыз, - деді Көлгінов.

Диего Амадо жобаларды жүзеге асыруға атсалысып, өз тәжірибемді бөлісуге дайынмын деп жауап берді.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Депутат Паяев Үкіметті Жер кодексі үшін сынап тастады
Дариға Назарбаева Маминге маңызды сауал жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу