«Вакцинаны Президенттен соң салдырамын» - Мақсат Толықбай (видео)
Қазақстандық белгілі журналист Мақсат Толықбай вакцина қашан салдырасыз деп сұраушы көпшілікке жауабын берді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.
- Бүгінгі күннің ең басты жаңалығы вакцинациялау. Дәл бүгін коронавирусқа қарсы Ресейден әкелінген препараттарды жаппай егу басталды. 20 мың дозасы әкелінді. Алдағы 3-4 айда тағы 600 мың дозасын әкелу көзделуде дейді. Бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне салынып жатыр. Одан кейін мұғалімдер, полицейлер. Әртүрлі пікірлерді оқып отырмын. Мәжбүрлеп жатыр екен деген сияқты. Халық денсаулығы және Денсаулық сақтау жайлы Кодекстің 77 бабында айқын жазылған. Вакцинация салдырасыз ба, жоқ па таңдау еркі өзіңізде. Ешкім сізді мәжбүрлей алмайды. Ал, енді бізге келіп жатқан вакцинаның атауы «Спутник-5» не болмаса «Спутник-V» деген сияқты екі түрлі атауы бар, Ресейден әкелінген. Біз осыны алдырған 16-шы мемлекетпіз. Біздің алдымызда 15 мемлекет алдыртқан. Біріккен Араб Әмірліктері, алжир, Боливия деген сияқты кете береді. Біздің отандық вакцина осы айдың ортасында дайын болады деп жатыр. Халық сену үшін бұл вакцинаны алдымен шенеуніктер, министрлер өздерінен бастау керек және қорабын көрсетіп тұрып камераны үзбей, видеоны жақындатып тұрып түсірсін деген посттарды оқыдым және мен осыны қолдаймын. Мақсат сіз қашан салдырасыз дейді. Менің берер жауабым Денсаулық сақтау министрі және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты күтемін. Сосын салдырамын - дейді Мақсат Толықбай.