Асанәлі Әшімов балаларына деген сағынышын жеткізді (видео)
Танымал актер Асанәлі Әшімов қаза болған баласы туралы сыр шертті. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.
Журналистің: "Күнделік: "Кәдірбек Сегізбаев «Жас кезімізде балалар қашан кетеді деп асыға күтуші едік, қазір балалар қашан келеді екен деп күтетін болдық». Мұны өмірден өткен балаларыңызды сағынғанда жаздыңыз ба?" - деген сауалына өз жауабын берді.
- Балалар туралы қалай жазсаң да сыйғылықты ғой. Балалар деген сүйіспеншілік. Баланы күту, шығарып салу бұл да бір үлкен жауапкершілік. Жүрек береді. Пісіреді жұмысқа. Бала деген бауыр ет дейді ғой - деді Асанәлі Әшімов.