АҚШ-та президент сайлауының алғашқы нәтижелері шықты

Oinet.kz 04-11-2020 673

АҚШ-та 3 қарашада президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы болуға республикалық Дональд Трамп және демократ Джо Байден үміткер,  деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

photo_74170.jpeg

Сайлаушылар дауысының есебін америкалық БАҚ тікелей эфирде көрсетіп жатыр, оның ішінде "Голос Америки" де бар.

Ең маңызды деген Флорида және Техас штатында дауыс берудің алғашқы нәтижелері Трамп пен Байден әзірге тең келе жатқанын көрсетті. 

Дәстүрлі республикалық Техас штатында (38 сайлаушы) Байден алда келе жатыр. Бюллетендердің 46 пайызын есептегеннен кейін ол үш миллионнан аса дауыс жинағаны белгілі болды. Трампта 2,9 миллион дауыс бар.

Вашингтондағы Америка институтының профессоры Питер Кузниктік ойынша, Трамптың Техастағы жеңілісі қайта сайлануына кедергі болады.

"Егер Трамп Техасты жоғалтып алса, ол үшін бәрі аяқталады", - деді Кузник "Россия 24" телеарнасының эфирінде.

Флорида штатында (29 сайлаушы) дауыстардың 88 пайызы есептелгеннен кейін Трамп алда келе жатқаны белгілі болды. Ол 5,3 миллион дауыс жинады, Байденда 250 мың дауыс кем.

Қазақстандық отбасы құрт сатқан ақшасына үй салып алды
Иммунолог COVID-19 вакцинасы туралы маңызды мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу