​Павлодар облысында ерлі-зайыпты үйін тегін беруге дайын

Oinet.kz 29-10-2020 1004

Павлодар облысында Нагизовтар отбасы өз үйін еріктілерге сыйға тартты. Бұл туралы Павлодар қаласының қайырымды жандар клубы хабарлады, деп жазады Oinet.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Үй Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Песчаное ауылында орналасқан.

Ерлі-зайыпты өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыға үйін сыйға тартуға дайын.

Үйде қажетті нәрсенің бәрі бар: ыдыс-аяқ, тұрмыстық техникадан бастап бау-бақша, мал қорасы мен жаңа монша бар. Тіпті сыртқы киімдер мен құралдарын қалдырған.

Қысқа жеткілікті отыны мен бір тонна көмір бар.

Көшіп келген отбасы ауылдық өмір жағдайына дайын болуы керек, деп атап өтті клуб өкілдері.

Ауылда жұмыс бар. Үйдің өзі Ертістен 100 метр қашықтықта орналасқан. Жанында дүкендер, балабақша, мектеп, пошта, жөндеу зауыты, аурухана, әкімдік бар.

«Егер сіздің отбасыңыз мұқтаж болса немесе сіз дәл осындай үйге мұқтаж жандар туралы білсеңіз, @club_dobrykov_pavlodar мекен-жайына ақпарат жіберіңіз. Бізге таңдау жасау өте қиын болатынын түсінеміз. Біреудің қиын жағдайын объективті түрде бағалау мүмкін емес, бірақ біз тырысамыз. Бәлкім, бүкіл отбасының өмірі жақсы жаққа түбегейлі өзгерер», - деп жазды еріктілер.

Олар сонымен бірге баспананы сыйға тартқан Нагизовтар отбасы Михаил Петрович пен Елена Николаевнаға алғыс білдірді.

Ерлі-зайыптылар жаңа қоныс аударушыларға мүмкіндіктеріне қарай көшіп келуге көмектесуге уәде берді.

«Коронавирустың үшінші толқыны басталды» - Вирусолог
Тоқаев коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны әзірлеу барысымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу