Соңғы тәулікте қанша қазақстандық коронавирус жұқтырғаны анықталды
Елімізде өткен тәулікте 69 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 14
Алматы қаласы - 3
Ақмола облысы - 5
Ақтөбе облысы - 1
Алматы облысы - 2
Атырау облысы - 5
Шығыс Қазақстан облысы - 17
Жамбыл облысы - 2
Батыс Қазақстан облысы - 2
Қарағанды облысы - 5
Қостанай облысы - 3
Павлодар облысы - 4
Солтүстік Қазақстан облысы - 5
Түркістан облысы - 1
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 107659. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 410 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 809 науқас жатыр. 1 601 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.
Жалпы науқастардың арасында 92 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланды. 23 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.