Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталды.
Бұл туралы президентің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталды. Президент аймақтағы азық-түлік және сүт өнімдерін шығаратын бірқатар кәсіпорындарға барып, дихандармен және ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі", - деді ол.