Мемлекет пәтер жалдау ақысын төлеп береді

Oinet.kz 08-09-2020 2511

Жағдайы төмен отбасылардың пәтер жалдау ақысын мемлекет төлеп береді. Оның тәртібі биыл жыл соңына дейін бекітіледі. Қазіргі уақытта егжей-тегжейін тиісті мемлекеттік органдар пысықтап жатыр деп жазады Oinet.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Апартаменты/квартира 2-комнатная квартира, Байтурсынова 98/2 - Сатпаева  (Казахстан Алматы) - Booking.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, жалпы әлемдік тәжірибеде, әсіресе дамыған елдерде тұрғын үй қорының 30 пайызы жалға беріледі. 

Ал Қазақстанда ол небәрі 1,7 пайыз деңгейінде екен. Статистикаға сенсек, елімізде 530 мыңға жуық адам тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұр. Олардың пәтер жалдау ақысын субсидиялау туралы тапсырманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жолдауында берген болатын. 

Осыған сәйкес, алғашқы жылда 100 мыңнан астам отбасы аталған көмекті алуы керек. Белгілі болғандай, пәтер жалдау ақысы толық емес, 70-80 пайыз деңгейінде төленеді екен. Ал бұл қолдаудың нақты кімдерге көрсетілетінін "Отбасы банкі" анықтайды. 

"Ол үшін отбасылық табыс әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни 32 668 теңге болу керек. Мұқтаж адамның мәртебесін растаған жағдайда ұзартылумен жалға алу мерзімі 5 жылға дейін. Жалға берілетін тұрғын үйдің ауданы 40-тан 80 шаршы метрге дейін барады. Бірақ жалға алу құны әр аймақтың өз ерекшеліктеріне байланысты анықталады", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Тоқаев Елбасының 20 жыл бұрын қабылданған жарлығына өзгеріс енгізді
Қазақстанда қашықтан оқыту барысында тағы да порнография қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу