Бәйтерек монументінің авторы қайтыс болды

Oinet.kz 30-07-2020 1042

9 шілде күні Алматыда Қазақстан Сәулетшілер одағының басшысы Ақмырза Рүстембеков кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

news_full15960780717f1384dde3156abf1af7ce87a6c54b12.jpg

Рүстембековтің қайтыс болғаны туралы "Алматыгенплан" ғылыми-зерттеу институтының парақшасында хабарланды. Институт Қазақстанның құрметті сәулетшісінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Ақмырза Рүстембеков - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Шығыс елдерінің Халықаралық сәулет академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, Ресей сәулетшілер одағының құрметті мүшесі, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі. Ресей сәулетшілер одағының «Сәулетшілер одағына адалдығы үшін» медалімен марапатталған.

Рүстембеков «Астана-Бәйтерек» монументінің авторы болған. Естеріңізге сала кетейік, жоба еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалған. Бұл ескерткіш Қазақстан астанасының нышандарының біріне айналды.

«Астана-Бәйтерек» жобасы үшін Ақмырза Рүстембеков ТМД елдерінің сәулетшілер одақтарының Халықаралық ассоциациясының (IASA) 2002 жылғы ең жақсы құрылыс үшін X Халықаралық байқауында Гран-при мен алтын медалін жеңіп алды. Сонымен қатар ол Софияда өткен Дүниежүзілік сәулет үштігінде күміс, Гран-при және Сәулет фестивалінде Қырғыз Республикасы Сәулетшілер одағының алтын медаліне ие болды. ⠀

«Тамызда 42500 теңге төлене ме?» Министр жауап берді
Қазақстанда өткен тәулікте 1472 адам коронавирус індетімен ауырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу