Ел президенттігіне үміткер болған азамат қайтыс болды
Қоғам қайраткері, эколог, 2011 жылы Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде сайлауға түскен Мұсағали Дуамбеков қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қаралы хабарды марқұмның әйелі Facebook-тегі парақшасында жазды.
Ғалымның неден қайтыс болғаны нақтыланбаған.
Техника ғылымдарының докторы, профессор Дуамбеков Халықаралық Экология академиясының басшысы ретінде белгілі. "Халықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті" қоғамдық ұйымының президенті болған, сутегі отынының генераторын ойлап тауып, патенттеген өнертапқыш. Мұсағали Дуамбеков 2011 жылы өткен сайлауда Қазақстан Президенттігіне өз кандидатурасын ұсынылған болатын. Қазақ тілі емтиханынан сәтті өтіп, кейіннен өз кандидатурасынан бас тастау туралы шешім қабылдады.