Америкалық жігіт Қазақстандағы ата-анасын іздейді
Paul (Сардар) Babcock есімді америкалық жігіт Қазақстандағы ата-анасын іздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.
Paul Babcock-ті кезінде америкалық отбасы Қазақстаннан асырып алыпты. Бұл туралы ол Facebook-тегі Kazakh American Assosiation тобында жазды.
"Мен топқа жаңа қосылдым. Жаңа ғана Талғатпен (Тайлером) сөйлестім. Ол маған ата-анамды табу үшін осы топты пайдалануға кеңес берді. 2000 жылы мені Қазақстандағы Тараз қаласында америкалық отбасы асырап алды. Ол кезде бала едім. Мен 1999 жылы қыркүйекте дүниеге келдім. Маған ата-анамды тауып беруге көмектесіңіздерші! Менде бірнеше деректер бар, қайсынан бастарын білмеймін...
Менің (асырып алғанға дейінгі - автор) есімім - Сардар Бекнұрұлы Баймаханов, анамның есімі - Эльмира Қалмаханбетқызы, әкемнің есімі - Бекнұр Баймаханов", - деп жазды ол.