Алтынның бағасы күрт қымбаттады
Comx биржасындағы сауда-саттықта алтынның бір троя унциясының бағасы алдыңғы сессияның жабылу деңгейіне қарағанда 0,8% -ға өсіп, 1912 долларға жетті, деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz тілшісі.
Бұл - таңғы сағат 06: 03 уақытында сауда алаңында жарияланған алғашқы мәліметтер.
Соңғы рет алтынның бағасы өскенде - 2011 жылы қыркүйек айында бір троя унциясы үшін 1910 доллардан асқан еді.