14 жасқа толмаған баланы зорлаған адамның жазасы қандай?

Oinet.kz 27-07-2020 1302

Президент кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желілерде пайда болған балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату үндеулеріне түсініктеме бере отырып, мұндай шаралар өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданғанын атап өтті, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

«Соңғы оқиғаларға байланысты желі пайдаланушылары балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа жазаны күшейту керек деп жазып жүр. Шын мәнінде мұндай шаралар Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылы қабылданған еді. Президент 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауында сексуалдық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қарсы басқа да ауыр қылмыстар жазасын жедел түрде қатаңдатуды тапсырды», - деп жазды Ерлан Қарин өзінің Телеграм парақшасында. 

Президент кеңесшісі тиісті заң жобасының күзде Парламентке түскенін атап өтті. Ал 30 желтоқсанда Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды және ол 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. 

«Заңның жаңа нормаларына сәйкес, зорлық-зомбылық орташа ауырлықтан ауыр қылмысқа ауыстырылды. 14 жасқа толмаған балаларға зорлық-зомбылық жасағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы қамау жазасы көзделеді. Сонымен қатар, педофилия фактілерін жеткізбеу, жасыру, бұрмалау үшін жауапкершілік белгіленген. Бұл енді 6 жыл бас бостандығынан айырумен ауыр қылмыс болады», - деп түсіндірді Қарин.

Сәтпаевтағы 5 жасар қыздың ата-анасы алғаш рет үндеу жасады
Алтынның бағасы күрт қымбаттады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу