Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы
ҚАУЛЫ
Шымкент қаласыПОСТАНОВЛЕНИЕ
город Шымкент
01.07. 2020ж. №23
Шымкент қаласының
халқы арасында
коронавирустық инфекция
ауруының алдын алу
жөніндегі шараларды одан
әрі күшейту туралы
Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр) сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты, халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 01 шілдесінен бастап 2020 жылдың 20 шілдесіне дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.
2.Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, кәсіпкерлік субъектілеріне, карантин кезеңінде қызметі тоқтатылсын:
1) мектепке дейінгі ұйымдардың (балабақшалар, коррекциялық-түзету орталықтары);
2) Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, барлық спорттық нысандардың (фитнес-орталықтары, барлық жабық спорттық алаңдар, тренажер залдары, спорттық бассейндер мен кешендер, үйірмелер, секциялар);
3) мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдардың (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер және басқа);
4) әсемдік салондар, шаштараздар, маникюр бөлмелерінің;
5) компьютер клубтар, бильярд, букмекерлік нысандардың;
6) монша кешендері, қоғамдық моншалар, SPA-салондар, массаж бөлмелері, сауналардың;
7) үйге жеткізу режимінде жұмыс істейтін нысандарды қоспағанда, дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдарды, фасфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын нүктелердің;
8) бөлек орналасқан өзіне қызмет көрсету автожуу орындарын қоспағанда, авто жуу нысандардың;
9)кинотеатрлардың, түнгі клубтардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің;
10) көше форматында столдары ашық алаңда орналасқан қоғамдық тамақтандыру орындарды, немесе үйге жеткізу режимінде жұмыс жасайтын нысандарды қоспағанда барлық қоғамдық тамақтану орындарының.
3. Шымкент қаласы әкіміне, Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысына, Шымкент қаласының полиция департаменті бастығына, мемлекеттік мекемлердің және үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына, кәсіпкерлік субъектілеріне қамтамасыз ету:
1) спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салуды;
2) кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салуды;
3) діни объектілердің қызметіне тыйым салуды;
4. Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету.
5. Жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) барлық қызмет көрсететін нысандардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын, оның ішінде:
1)автосалондар, азық-түлік емес тауарларды сататын объектілер, ойын-сауық орталықтары (оның ішінде орналасқан азық-түлік желілерді қоса), сауда орталықтары, сауда үйлері;
2) кезекті болдырмау мақсатында алдын ала жазылумен химиялық тазалау, кір жуу орындары, кілем тазалайтын объектілер, техниканы, киім, аяқ киім жөндеу шеберханалары, ателье.
6. Жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын:
1)барлық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес, әмбебап, мал және автокөлік базарлары), оның ішінде көтерме сауда базарлары;
2)сауда базарлары үшін демалыс күндері (сенбі немесе жексенбі) санитариялық күн болып белгіленсін.
7. Жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану орындары және үйге жеткізу режимінде жұмыс жасайтын объектілерінің жұмысы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын.
8. Жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жеке тұрған азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттері, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендердің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін.
9. Қала тұрғындарының көпшілік жиналатын орындарына, оның ішінде жиі баратын орындарына, жаяу серуендеу орындарына (көше), саябақтарға, скверлерге, жағалауға, алаңдарға, балалар, спорттық алаңдарына және туристтік орындарға баруға тиым салынсын.
10. Қалыпты режимде жұмыс істеуге рұқсат беріледі:
1) медициналық ұйымдар, дәріханалар, процедуралық бөлмелер, коммуналдық қызметтер;
2) АЖБ (автожанармай бекеті), АЖБ жанындағы дүкендер, ТҚО, шиномонтаж, өзіне қызмет көрсететін авто жуу орындары.
11. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына:
1) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07.00-ден 11.00-ге дейін және сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін шектелсін. Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын;
2)адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмаудың мақсатында көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуын, қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырсын;
3) қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, адамдар көп жиналатын жерлерді қоса алғанда, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, өңдеумен қамтуды қамтамасыз ету және карантин аяқталғанға дейін көрсетілген жұмыстарды күн сайын жүргізуді қамтамасыз ету;
4)мердігер ұйымдардың қоқыстарды күнделікті шығаруы, қоқысқа арналған контейнерлерді тазалау және дезинфекциялау оларды жуу бойынша талаптарды орындауын және контейнерлерге арналған алаңдарды таза ұстауды бақылауды ұйымдастырсын.
12. Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, ұлттық компаниялар және офистер басшыларына қызметкерлерінің 80% - ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда).
13. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласының әкімдігі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 80% қызметкерлерін қашықтықтан жұмысқа көшіру талаптарының орындалуын бақылауды ұйымдастырсын және жүзеге асырсын.
14. Шымкент қаласының тұрғындарына, қонақтарына және органдар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарына:
1) бетперде режимін сақтау, соның ішінде жұмыс және қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте және басқа орындарда;
2) қонақтардың жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын (туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);
3) аса қажеттіліксіз қалада жүру шектелсін.
15. Шымкент қаласы полиция департаментіне:
1) Шымкент қаласының тұрғындарымен, қонақтарымен және органдардың, ұйымдардың еңбек ұжымдарымен карантиндік шаралардың сақталуын бақылауды ұйымдастыру;
2) халық көп жиналатын жерлерде енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру;
3) бұзушылық анықталған жағдайда жауапты тұлғаларды нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жауапкершілікке тарту.
16. Меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге карантин аяқталғанға дейін:
1)бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерге қызметкерлерді бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруды және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз ету;
2)қызметін жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді, дезкілемшелерді орнату, беттерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);
3)персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету;
4)атқаратын қызметті ҚР БМСДҚ 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-ПГВр бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізу.
5)барлық объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету.
17. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы:
1)өз жұмысын қайта бастаған нысандарда санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мониторингпен қамтамасыз ету;
2) карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерге сәйкес объектінің қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.
18. Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, Шымкент қаласының аудан әкімдері қабылданған шектеу іс-шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
19. Аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына, Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының басшыларына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне, Шымкент қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты Шымкент қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне 2020 жылғы 07 шілдеге, бұдан әрі апта сайын әр жұма күніне ұсынылсын.
20. Күші жойылды деп танылсын:
1) Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 10.05.2020 жылғы №17 қаулысы;
2) Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 24.05.2020 жылғы №18 қаулысы;
3) Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 30.05.2020 жылғы №19 қаулысы;
4) Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 07.06.2020 жылғы №20 қаулысы;
5) Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 19.06.2020 жылғы №21 қаулысы;
6) Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 23.06.2020 жылғы №22 қаулысы;
21.Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
22.Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
23.Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
24. Осы қаулы 2020 жылдың 01 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А.Тулебаев