Түркістанда ауылдастары бір адамның үйін таспен атқылаған

Oinet.kz 22-07-2020 742

Үш адам түрлі дене жарақаттарын алған.

image.png

Түркістан облысының полицейлері бұзақылық жайты бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"21 шілде түнгі сағат 01:00 шамасында Кентау қалалық ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан, өзін және туыстарын ауылдастары ұрып-соққандығы туралы хабарлама келіп түскен. Бұл жайт ҚПБ-не тіркелді. 

Оқиға орнына шұғыл Түркістан облысы ПД басшылығы бастаған жедел-тергеу тобы шықты.Полицейлер жүргізген жедел-тергеу іс-шарасы барысында анықталғандай, ауыл көшелерінің бірінде ер адам мен ауылдасының арасында түсінбеушілік орын алған. Арада біраз уақыт өткен соң, жәбірленушінің үйіне бірнеше автокөліктермен келген белгісіз адамдар оның үйі мен көршілерінің ауласына қарай тас лақтырып, содан белгісіз бағытқа жасырынған. 

Жәбірленушінің үш туысы жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде жедел уәкілдер төрт күдіктіні ұстады. Орын алған жағдайдың барлығы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", делінген хабарламада.

Antikor live: Шымкентке жеткізілген гуманитарлық көмекке «тегін» мөрі басылуда
Анасы мен қызы төрт күн бойы лифтіде қамалып қалған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу