Түлкібаста астық ору науқаны басталды

Oinet.kz 21-07-2020 942

Түркістан облысының шығыс шекарасында орналасқан Түлкібас ауданында астық ору маусымы басталды. Шұрайлы табиғатымен ерекшеленетін өңірде 2019 жылдың күз айларында 2020 жылдың өніміне 10545,0 гектар күздік бидай,  2020 жылдың көктемінде 4607,0 га жаздық бидай, 9227 гектар арпа мен 12398,0 гектар мақсары дақылы (майлы дақылдар) егілген.

image.png

Бүгінгі күнге 7000,0 гектар орылды. Оның ішінде 5500,0 га арпа және 1500,0 га бидай. Мамандардың пайымдауынша биылғы жылы масақты дәнді дақылдардың өнімділігі жоғары. Арпа гектарына 22,0-25,0 центнерді құрауда, ал бидай орта есеппен 24,0-27,0 центнерге дейін өнім беруде.

Ал мақсарының бүгінгі күнге пісіп-жетілмеуіне байланысты тамыз айының екінші жартысында өнімі жинала бастайды.

Айта кетерлік, Түлкібас ауданында 1830 шаруа қожалық арпа, бидай, мақсары дәнді дақылдарын егіп, оларды жинау жұмыстарына 83 комбайн және 114 трактор техникасын жұмылдырып отыр.

Жұмыс істеп жүріп 42500 теңгеге жалған өтініш бергендер жазаланады
"Алма" атты туынды көрерменге жол тартты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу