Цой бюджеттен тағы 42 миллиард теңге сұрады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой республикалық бюджеттен ПТР-тест үшін тағы 42 миллиард теңге сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме берген Oinet.kz тілшісі.
Цой 1 тамызға дейін тәулігіне 35,6 мың адам тест тапсыратындай жағдай жасалатынын хабарлады. 1 қыркүйекке дейін ДСМ және жергілікті атқарушы органдардың зертханаларын жабдықтауды ескере отырып, тәулігіне 64 мыңға дейін тест жасалады.
"Сонымен бірге ПТР-тестілеу қызметін төлеуге республикалық бюджеттен қосымша 42 миллиард теңге бөлу керек. 170 миллион теңге зерттеуге тартылған 67 ветеринарлық зертхана мамандарының ақысын төлеуге жұмсалады", - деп қосты Цой.
Оның айтуынша, облыс әкімдері көлік бөлуі керек және ауылдық жерлерге дейін зерттеу материалдарын жеткізу қызметін төлеуі қажет.