Журналист Мира Құдабаева қайтыс болды
Отыз жылдан астам уақыт журналистік еңбек жолының кейінгі 10 жылында "Литер" газетінде еңбек еткен.
Танымал журналист, "Литер" республикалық қоғамдық-саяси газетінің шолушысы Мира Құдабаева қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz Айқын газетіне сілтеме жасап.
Ол 1967 жылы 23 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Аюлы ауылында дүниеге келген. Білікті журналист. 1989 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. "Литер", "Новое поколение" және "Страна и Мир" секілді республикалық қоғамдық-саяси газеттерінде жұмыс істеген.
2005 жылдың 9 қаңтарда кіші інісі капитан-бітімгер Қайрат Құдабаевтың қазасынан кейін оның ерлігін ел есінде қалдыру мақсатында Ирактағы бітімгершілік миссияны тоқтатпай, қазақстандық бітімгерлік батальонын басшылыққа алып, інісінің әріптестерінің басы-қасында болды. Осы 14 жылдың ішінде түрлі қайырымдылық іс-шаралардың өтуіне мұрындық болған.
Отыз жылдан астам уақыт журналистік еңбек жолының кейінгі 10 жылында "Литер" газетінде еңбек еткен.