«Жедел жәрдем қызметі халыққа тегін жүргізіле ме?» - министр жауап берді

Oinet.kz 04-07-2020 1583

Денсаулық сақтау министрлігі емханалар жанынан құрылатын мобильді бригадалардың қызметі халыққа тегін болатынын мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

image.png

- Бұл (мобильді топтар) – халыққа тегін көрсетілетін жедел жәрдемнің жаңа қызметі. Мемлекет әр шақырту бойынша МӘМС (Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру) қоры арқылы төлейтін болады. Олар науқастармен байланыста болғандардан және симптомы барлардан COVID-19-ға ПТР-тест алады, - деді министрліктен. 

Белгілі болғандай, мобильді бригадалар емханалар жанынан құрылған. Қызметі - коронавирус симптомы бар және пневмониямен ауырғандарды, сондай-ақ стационарда емделіп шыққан науқастарды бақылау. 

- Сонымен бірге мобильді топтар созылмалы ауруы бар адамдарды, жүкті әйелдер мен балаларды үйінде бақылайтын болады. Мобильді бригадалардың қызмет төлемін Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры жүргізеді. Әр шақырту үшін емханаларға 5400 теңге аударылады. Мобильді топтардың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да керек-жарақпен қамтамасыз етіледі, - делінген хабарламада. 

Ішкі істер министрі карантинге байланысты маңызды мәлімдеме жасады
Елбасы қоры қанша қазақстандыққа қаржылай көмек берді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу