Қуандық Шамахайұлына қандай дәрі бергені анықталды

Oinet.kz 30-06-2020 6808

Күні кеше қтайыс болғаны хабарланған белгілі журналист, қоғам белсендісі Қуандық Шамахайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында көз жұмар алында күмәнді жазба қалдырған болатын. Ол өзіне дәрігерлердің белгісіз дәрі бергенін жеткізген еді. Аталмыш дәрінің атауын заңгер заңгер Ләззат Кендебайқызы анықтаған.

image.png

"Үйге қазір кірдім.. Айша әпкем қатты қиналып жатыр. Есі кіресілі-шығасылы... Бір-бірінсіз тұра алмайтын, бір-бірі десе, шығарда жандары бөлек жандар еді ғой, амал қанша?.. Қуандық ағаның түндегі жазбасынан соң, жанұшыра ауруханаға жетіпті. Сөйтсе, аға әдемі боп ұйықтап жатты дейді. 

Көзін ашыпты, "жақсымын, бара беріңдер"- депті. Сап-сау еді дейді. Таңғы алтыда анализ алыпты. Содан тоғызда хабар келген, қайтыс болды деген. Анар әпке менің кішкене сырқаттанып жүргенімді білген соң, өзің бармай-ақ, басқа әріптесіңді жіберші деп еді. Айша әпке таңертең маған өзі хабарласты. 

Анар әпкенің сөзінен соң, заңгер іздеп осында жазған. Ол екі ортада жолда бара жатыр едім. Менің денсаулығымды ойлап жатқан әпкелеріме көп рахмет! Бірақ Қуандық ағамен де, Айша әпкемен туыстай боп араласып, үйінен дәм татып жүріп, мынадай жағдайда қарақан басымды ойлап, үйден шықпай отыруды жөн деп таппадым. Қасында болдым, ауруханаға бірге бардық. 

Түсінбейтін нәрселер көп... Ана қолхат не қолхат? "История болезни", диагноз, бәрін анықтаймыз. Бүге-шігесіне дейін тексеріп, іс қозғату жөнінде министрге, Бас прокуратураға ресми хаттар жазып жатырмын... Бағана бірде-бір затын, (тіпті ұялы телефонын да) қолға бере алмаймыз деді. Анализ нәтижесі шығу керек екен. Неге кеш алынды, неге түн ортасында бір қағазға қол қойдырды? Көкейде сұрақ көп. Шыдамдылықпен түбіне жетеміз деп сенемін. 

Тек хайп қуған кейбір әріптестер жұмысқа кедергі келтірмесе болды... Хаттарды жіберіп болған соң, ауруханаға тағы барып қайтамыз. Бәрін осында жазып отырамын. Айтпақшы, берген дәрілері "Алувиа" деген дәрі екен. Бәріне беріп жатырмыз деді. Тәуелсіз дәрігерлерден берген емі жөнінде де қорытынды аламыз. Тек сәл уақыт керек. Сабыр!" , - деді Ләззат Кендебайқызы Facebook парақшасында. 

Еске сала кетейік, кеше белгілі журналист Қуандық Шамахайұлының өмірден өткені хабарланды. 

Тоқаев сөгіс жариялаған әкімдердің бірі мәлімдеме жасады
Цой Тоқаевқа коронавируспен күрес бойынша 10 шара ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу