Адам ағзасын қандай жағдайда шетелге шығаруға болады - Біртановтың жауабы

Oinet.kz 11-06-2020 1135

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қайтыс болған адамның ағзасын қандай жағдайда шетелге әкетуге рұқсат етілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Заң аясында мәселенің мән-жайын түсіндірген министр тек ел азаматтарына қажет болған жағдайда ғана ағзаны тасымалдау жүзеге асырылатынын кесіп айтты. 

- "Кодекс жобасына сәйкес, Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматтарынан алынған органдар мен тіндерді шетелге шығару тек Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда жүзеге асырылады", - деді Елжан Біртанов Сенаттың жалпы отырысында.

Қайтыс болған адамнан ағзаларды алып тастауға келісім беруге кім құқылы екенін де айтып өтті министр. Оның сөзінше егер көз жұмған адамның өз келісімі болмаса ондай құқық оның жұбайына немесе жақын туысына беріледі.

- "Сыйға беруге келісімді тіркеу немесе қайтарып алу - медициналық ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызмет. Кодекс жобасында адамның өмірлік еркі болмаған кезде келіспеушілік немесе оның органдарын алып тастауға келісім беру құқығы жұбайына, жұбайы болмаған жағдайда жақын туыстарының біреуіне беріледі", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі.

Коронавирусқа қарсы сәтті вакцинаны әзірлеу ықтималдығы анықталды
​«Қазақ ғылымы үшін ауыр қайғы»: белгілі ғалым дүниеден өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу