Тоқаев: Біз коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек

Oinet.kz 27-05-2020 9502

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды коронавирустың екінші толқынына дайын болуы керектігін айтты.

Касым-Жомарт Токаев вступил в должность президента Казахстана ...

"Бүгінгі таңда биологиялық қауіпсіздік барлық елдерде қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Мен коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек екенін айтқанмын, біздің елімізде және көрші елдерде табиғи індет ошақтарының тұрақтылығы және басқа да қауіпті инфекциялардың болуымен жағдай күрделене түседі. Бірқатар қажетсіз реформалар мен қайта құрылымдаудың салдарынан санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі мен инфекцияларға қарсы бақылау жүйесін едеуір әлсіретіп алдық. СЭС-ті күшейтіп, оны дамыту қажет, дәлелденген модельге көшу керек. Осы негізде жаңа комитетті құру жұмыстары басталып та кетті, бас мемлекеттік санитарлық инспектордың мәртебесі мен өкілеттіктері артады. Өмірдің өзі бұл реформаны қолға алуды мәжбүр етіп отыр. Әлеуметтік қорғау мамандығы бойынша шаралары қабылданады және осы қызмет мамандарын оқыту жүйесі де қайта қаралады", - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық сенім кеңесі үшінші отырысында.

Мемлекет басшысы сонымен қатар жұқпалы аурулармен күресте шет мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту қажет екенін атап өтті.

Биоқауіпсіздік жүйесі бірыңғай стандарттарға сәйкес жұмыс істеуі керек және мемлекеттер арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мен қауіп-қатерлерге жауап қайтаруды қамтамасыз етуі керек... Жыл соңына дейін Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі туралы заң әзірлеу керек, - деді Тоқаев.
Қарағанды облысында 4 жасар қыз мерт болды
ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу