Ондаған адамның мәйіті тиелген жүк көліктері табылды

Oinet.kz 30-04-2020 1732

Жүк көліктің иісіне шағымданған.

Нью-Йоркте ондаған адамның мәйіті тиелген жүк көліктері табылды

Бруклиндегі жерлеу бюросының жанынан ондаған адамның мәйіті бар жүк көліктері табылды. Бұл New York Times жазды. 

Басылымның хабарлауынша, көрші үйлердің тұрғындары жағымсыз иіс туралы полицияға шағымданған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары мәйіттер тиелген жүк көліктерін анықтады. 

Шенеуніктердің бірі басылымға жерлеу бюросындағы мұздатқыштар жұмыс істемей қалғандықтан, мәйіттерді жүк көліктерінде сақтағанын айтқан. Ол адамдар коронавирус жұқтырған ба, жоқ па әзірге белгісіз. Басылым сонымен қоса қаладағы өлім-жітімнің көбеюі жерлеу ұйымдары үшін қиынға соғып жатқанын атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» қызметкерлер санын қысқартады
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 68 науқас тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу