14 күн карантинде жатқан Алматының бас санитар дәрігері өзіне тағылған айыпты негізсіз деді

Oinet.kz 25-03-2020 2229

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Айзат Молдақасымова онлайн брифинг барысында коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14 күн карантинде жатқан Алматының бас санитар дәрігері өзіне тағылған айыпты негізсіз деді

Департамент басшысы Германиядан келген транзиттік рейсте коронавирус жұқпасы табылған адаммен бірге келгендіктен 14 күн карантинде жатқан болатын. Кейін Алматы қоғамдық кеңесі Айзат Молдақасымова дер кезінде оқшауланбай, жұмыс бабымен көп адаммен араласып, адамдардың денсаулығын қатерге тікті деген айып таққан еді. Брифинг барысында журналистер осы сауалды қойды. 

«Мен өзіме қатысты айыптауларды негізсіз деп санаймын. Мен 14 күн карантиннен шықтым. Осы уақыт аралығында 2 рет тест тапсырдым. Нәтижесі менде вирус жоқтығын көрсетті. 

Біріншіден, мен Германияда болған жоқпын. Мен тек 1,5 сағат транзиттік зонада болдым. 10 наурызда Германия 2-ші санатқа жататын. Сол себепті Германиядан келген адамдар тек телефон арқылы бақылауда болатын. 13 наурызда неге бірден оқшауланбады деген сұрақ болды. Мен өзім түскі 15.00-де инфекция жұқтырған жолаушымен бірге келгенімді білдім. Естіген уақытта бірден стационарға оқшауланып, тест тапсырдым. Барлығы инфекция жоқтығын көрсетті. 14 наурызда мені емдеуші дәрігерім үйге шығарды. Қазір денсаулығым жақсы»,- деді Айзат Молдақасымова.

Алматыда тағы екі адам астыртын жолмен қалаға кіруге тырысқан
Әкімдік Алматы тұрғындарын 5 сағатқа дейін үйден шықпауды сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу