Қордайдағы төбелес. Үкімет комиссиясы құрылды

Oinet.kz 08-02-2020 1099

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.  

ҚОРДАЙ.jpg

ҚР премьер-министрінің орынбасары Б. Сапарбаевтың төрағалығымен құрылған комиссия құрамына Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж. Түймебаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Ш. Хахазов және "Дүнген қазақстандық қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. Воинце мен қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрлері, ақпарат және қоғамдық даму, ұлттық экономика, денсаулық сақтау, білім және ғылым вице-министрлері, ішкі істер, қорғаныс министрлерінің орынбасарлары, Бас прокурор мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары кірді.

Комиссия алдында кикілжің себептерін анықтау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді шұғыл шешуді қамтамасыз ету міндеттері қойылды. 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қ. Бегманов: «Арандатушылыққа ермеу керек»
​Мархабат Байғұт: «Дүремен емес, ақылмен шешілген дүние баршамызға абырой әкелетіндігін ұмытпайық»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу