«Қалаулым сен» қатысушысы тікелей эфирде: «Мейлі, өлтіріңіздер. Шындықты айтамын» (видео)
Атышулы «Қалаулым сен» бағдарламасының кезекті өтірігі ашылды. Бұл жолы шындықты тікелей эфирде отырған қатысушының өзі айтып берді, деп жазады Oinet.kz.
«Үйлену жобасы болсын. Бірақ, шынайы болсын», - деп шырылдаған Айдын есімді қатысушының дауысын өшіріп, толық сөйлеткізбеді.
«Біз, қанша халықты алдап отырмыз. Бұнда барлығы арнайы бұйрықпен болады. Шах Керім мырза келіп жиналыс жасап, өз міндеттерімізді бөліп береді.
Мейлі, осыдан кейін мені өлтіріп тастаңдар. Мейлі, 5 млн теңге штраф қойыңдар. Бірақ, мен айтамын. Себебі, қазақ қыздарымыздан абыройы төгілуде. Шындық, осы», - деген Айдынды жобадан шығарып жіберді.
Видео мына сілтемеде
Естеріңізде болса, Мұхит Сапарбайұлы шығып кеткен 12 қатысушыны тауып, бар шындықты әшкерелеген еді.