Шымкентте электр энергиясы қымбаттап, газ арзандады

Oinet.kz 07-02-2020 734


2-5.jpg

Шымкент қаласында бірқатар коммуналдық қызметтердің тарифіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының м.а С.Бопова, департменттің бөлім басшысы – А.Шолпанова,

қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Н.Жаманкөз қатысқан брифингте мәлім болды. Олар қала әкімдігімен және табиғи монополиялар субъектілерімен («Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС, «Қуатжылуорталық-3» МКК, «3-Энергоорталық» АҚ , «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК, «Сайрам су» ӨК, «Тасқұдық БАҚ» ЖШС, «Родник-2004» ЖШС, «Нұр Арыстан» ЖШС, «Женис-Т» ЖШС») бірлесіп тарифтер өсімін тежеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарғанын мәлімдеді.

    Энергетика министрлігі электр станцияларымен өндірілетін электр энергиясы тарифтерінің шекті деңғейлерін өсіруінен электр энергиясының тарифтері тұрғындарға 5,9%-ға, 1 кВт/сағ. 14,65 тенге-ден 15,52 теңгеге, тұтыну көлемі 70 кВт. -қа дейін тұтынатындарға – 4,8 % -ға немесе 1 кВт/сағ. 13,49 тенгеден 14,14 теңгеге өсіп отыр.

Газбен жабдықтау бойынша, керісінше, 1 текше метр газ үшін ҚҚС-н қоса алғанда 32,47 теңгеден 31,59 теңгеге немесе 2,7%-ға төмендеді.


ШҚО-да көпбалалы аналар #Abai175 челленджіне қатысты
Қытай билігі коронавирусқа қарсы күреске 9,56 млрд АҚШ долларын бөлді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу