Тоқаевтың ескертуінен кейін Мырзахметов сақтық шараларына кірісті

Oinet.kz 23-01-2020 891


 6819c12e484e8dd683a11b5bdde95d1c.jpeg

Жамбыл облысында  балалар қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін зерделеу жұмыстарымен өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың бастамасымен құрылған арнайы жұмыс тобы айналасатын болады. Өз құзіреті шеңберінде топ мүшелері өңірдегі білім беру ұйымдарындағы тәрбие мәселесіне терең талдау жасап, оны шешуге қатысты  ұсыныстар әзірлейді. Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы мәселе Асқар Мырзахметовтің төрағалық етуімен өткен жиында айтылған.

Жиында өңір басшысы саладағы мәселелердің алдын алу жұмыстарына кешенді түрде кірісу қажеттігін атап өтті. Ал көрсеткіштерге тоқталған полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев мәселенің өзектілігіне тоқталды.

Басқосуда қоғамдық ұйымдардың жетекшілері де сөз сөйлеп, бала құқығын қорғаудағы ұрпақтар сабақтастығы, мүдделі мекемелердің ашықтығы, қоғамдағы отбасы институтының рөлін нығайту мәселелерін де көтерді. Сондай-ақ бала құқығын қорғау мақсатында арнайы  cool-орталық қызметін жолға қою, педагогикалық қызметке ер мұғалімдерді көптеп тарту жайы да сөз болды.

Өз кезегінде Асқар Исабекұлы бұл жұмыстарға ардагерлер кеңесі сынды қоғамдық ұйымдардың мүшелерін көптеп тарту тәжірибесін енгізу қажеттігіне назар аударды. 

Күн тәртіне қойылған мәселенің өзектілігін ескерген облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды. Топ мүшелері тәрбие мәселесіне жетік қоғам белсенділері мен жауапты тұлғалардан құралады. Олар межелі мерзім ішінде облыстағы барлық мектептердегі тәрбиелеу ісіне жан жақты зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныстарын әзірлейді. Соның негізінде  бала қауіпсіздігін сақтау мәселелері туралы жиынның келесі отырысында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың бағыт-бағдары айқындалмақ.

Еске сала кетейік, былтыр Тараздағы мектеп дәретханасында ер азамат оқушы қызды зорлап, осыдан кейін президент Тоқаевтың ұсынысы бойынша Тараздың әкімі Қайрат Досаев «жүйелі кемшіліктері үшін» қызметінен кеткен еді. Облыста басқа да лауазымдылар креслоларын босатып, Асқар Мырзахметовтың өзіне президент ескерту берген болатын.    

 


«Назарбаев» болып өзгеретін зымыран туралы заң жобасы мақұлданды
Қазақстанға алтын іздеп келген канадалықтың бастан кешкені
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу